top of page

"МЕНІҢ КӘСІБІМ - МЕНІҢ АРМАНЫМ"

Білім, ғылым, шығармашылық...

"Адам өмірге өзіндік табиғи қасиеттерімен, қабілеттерімен келеді. ал баланың бойындағы туа біткен қасиеттерді дамытатын - оқыту мен тәрбие.

Жүсіпбек Аймауытов

Біздің миссия

     Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзіретті, білікті маман даярлау.

    Әрбір ұлттың интеллигенция өкілдері – ұлт дамуының  қозғаушы күші екендігі анық. Біздің де қызметіміз осы мақсатқа негізделеді. Білім  мен өнерге деген махаббат пен жауапкершілік бізді ұлы істерге жетелеуші  ұрпақтан-ұрпаққа берілген эстафета іспеттес.

    Жалындаған жігер, отты көздер мен ақыл-парасат  әрқашан көздеген мақсаттарға жете бермейді. Бірақ олар қоғамға  игілікті іс жасау үшін адамдарды  біріктіре алады. Біздер жас ұрпақты  білім нәрімен сусындату арқылы алдыңғы буынның өшпес міндетін  жалғастырамыз! Еліміздің жарқын болашағы үшін  білім саласына сапалы мамандарды даярлау және ұлттың болашақ интеллигенциясын қалыптастыру жолында жұмыстанамыз.

Колледж тынысы

     «Бейнеу  гуманитарлық колледжі» мемлекеттік  коммуналдық  қазыналық  кәсіпорны  Бейнеу ауданы  әкімі Басшы Айжанақұлы Әзірхановтың бастамасымен Маңғыстау облысы акиматының 2005 жылғы 29 қарашадағы №344 шешімі негізінде  құрылды.​               Бейнеу гуманитарлық колледжінде  0101000   Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту (0101013  Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі), 0105000 Бастауыш білім беру (0105013 Бастауыш білім беру мұғалімі,  0105023  Информатика пәнінен бастауыш білім беру мұғалімі), 0111000   Негізгі орта білім (0111013  Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, 0111023  Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, 0111033  Математика  мұғалімі), 0103000   Дене тәрбиесі және спорт  (0103023  Дене тәрбиесі және спорт пәнінің мұғалімі), 0102000   Тәрбие жұмысын ұйымдастыру  (деңгейлер  бойынша)  (0102023  Ұйымдастырушы-педагог),  0518000   Есеп  және  аудит (салалар  бойынша) (0518012  Бухгалтер),  0201000 Құқықтану ( 0201023  Кеңесші – заңгер) біліктіліктері бойынша күндізгі және сырттай оқыту формасында студенттерге білім берілді.

Қазіргі таңда колледжде

01120100 Мектепке дейінгі тәрбие және  оқыту (4S01120102 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиешісі), 01140500 Дене тәрбиесі және спорт (4S01140501 Дене тәрбиесі мұғалімі), 01140600  Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі (4S01140602 Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 4S01140605 Шетел тілі мұғалімі), 011401000 Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі  (4S01140102 Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі), 011407000 Информатика (4S01140701 Бастауыш және негізгі орта білім берудің информатика мұғалімі), 032201000 Кітапхана ісі (4S03220101 Кітапханашы), 01130200 Қосымша білім беру   (4S01130201 Қосымша білім беру педагогы), 01140300 Көркем еңбек (4S01140301 Көркем еңбек мұғалімі), 01140100 Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі (4S01140101 Бастауыш білім беру мұғалімі), 01140600 Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі (4S01140601 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі), 01140500 Дене тәрбиесі және спорт (4S01140503 Спорт жаттықтырушысы-оқытушы) мамандықтары бойынша мамандар дайындайды.

БГК студенттері кәсіби тұрғыдан даму, қоғамдық қызметте, шығармашылық пен спортта өзін таныту,  тұлғалық қасиеттерді арттыру үшін барлық мүмкіндіктерді беретін қызықты өмір сүруде!

В ринге

(толығырақ төменде)

Спорт

Колледж студенттері жыл сайын спорт саласында облыстық, республикалық, әлемдік додаларда топ жарып, жүлделі орындарға ие болуда...

31149128-cb88-4ed3-9f7b-01ca5c88ce1f.jpg

ТАЙРОВ БЕРЕКЕТ

ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы, Маңғыстау облысының құрметті азаматы А.Драчты еске алуға арналған ересектер арасындағы ашық Республикалық турнирде 67 кг салмақ дәрежесінде

І ОРЫН ИЕГЕРІ

79205ddf-3fb3-43f3-bdf6-59fb24bb0743.jpg

ҚАЛИЛАЕВ САТҚАЛИ

Маңғыстау облысының тоғызқұмалақтан жастар арасындағы жекелей чемпионатында блиц бойынша 17 жас ұлдар арасынан

І ОРЫН ИЕГЕРІ

a8d8e622-7f8a-4e18-8571-6c133f84d679.jpg

ӨТКЕЛБАЕВ БАҒДАТ

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы шағын футболдан ұлттық спорт лигасының облыстық жарысында

ҮЗДІК ҚАҚПАШЫ

Ғылым

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарында белсенділік танытуы ғылыми және инновациялық үрдістердің шығармашылық қабілеттілігін дамытуда, студенттердің кәсіби-шығармашылық дайындығын жақсартуда, ғылыми-зерттеу жұмыстарына жастарды жетілдіру нысандарына тартуда өз мақсатына жете білді.

WORLDSKILLS KAZAKHSTAN -

жұмыс кәсібі мен шеберлік дағдысының беделін арттыруды көздейтін халықаралық қаржылық емес қозғалыс. 

Worldskills Aktau- 2022  VII республикалық кәсіби шеберлік чемпионатының өңірлік кезеңінде колледж білім алушылары 12 құзыреттілік бойынша бақ сынады.

Графическая спираль

WORLDSKILLS AKTAU-2022"

WS_Logo_DarkBlue_RGB.png
Графическая спираль
WS_Logo_DarkBlue_RGB.png

Worldskills Aktau- 2023

VIІI республикалық кәсіби шеберлік чемпионатының өңірлік кезеңінде колледж білім алушылары 14 құзыреттілік бойынша бақ сынады:

1. "Веб-үлгілеу"

2. "Бизнеске арналған  ІТ-бағдарламалық қамтамасыз ету"

3. "Ақпараттық кабельдік желілер"

4. "Графикалық дизайн"

5. "Инженерная графика"

6. "Мектепке дейінгі тәрбие"

7. "Бастауыш сыныптарда сабақ беру"

8. "Бейне өндірісі"

9. "Компьютерлік ойындарға арналған 3Д модельдеу"

10. "Компьютерлік ойындар мен мультимедиялық қосымшаларды дамыту

11. "Дене шынықтыру және спорт"

12. "Аударма ісі"

13. "Кәсіпкерлік"

14. "Тәлімгерлік қызмет"

 

            Біздің жүлдегерлер:

 

WS_Logo_DarkBlue_RGB.png
eef45cbd-bea6-4eb3-a7fb-713d3e579168.jpg
28fbb380-c69b-4b64-886c-eee647a4a302.jpg

Жүлдегермен сұхбат

WORLDSKILLS AKTAU-2023 чемпионатында "Тәлімгерлік қызмет" құзіреттілігі бойынша АЛТЫН медаль иегерлері ШУКУРБАЕВА АКБОТА
ЖЕКСЕНБАЕВА ГҮЛНАЗЫМ

ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕСТЕРМЕН БАЙЛАНЫС

Колледж әлеуметтік серіктестік және кәсіби мамандарды мақсатпен дайындаудағы оқу қызметін бірлесе жүргізуде. Кредиттік және модулдік  оқыту  технологиясы  бойынша,  оқытудың дуальді жүйесін енгізудің де оқу жоспарлары  мен бағдарламалары  әлеуметтік  серіктес мекемелермен  келісе  отырып жасақталды.          

Әлеуметтік серіктестік аясында оқу-өндірістік практика жұмыстары серіктес мекемелер базасында жүргізіледі. Оқу-өндірістік практика жұмыстары бойынша келісім шарттар саны өсіп келеді. 2020-2021 оқу жылында  оқу-өндірістік практика  бойынша 24 мекемемен  келісім шарт болса, 2021-2022 оқу жылында 28 мекемемен келісім шарттар  бойынша  жұмыстар  жүргізіледі. 2022-2023 оқу  жылында  32 мекемемен келісім шарт бойынша  жұмыстар жүргізіп келеді.

«WorldSkills» чемпионатының колледжішілік кезеңін өткізуде әлеуметтік серіктес мекемелер базасында ұйымдастырылып, сарапшы ретінде мамандар алынды.

Белсенді жастар

«Алаш орда» студенттік парламенті

Парламент мақсаты:

Жастардың табысты  әлеуметтенуі және өзін-өзі тиімді жүзеге асыруы үшін жағдай жасау,  сондай-ақ туындайтын мәселелерді білім алушылардың өз бетінше шешуі  үшін мүмкіндіктер жасау.

Парламент міндеттері:

1) білім алушылардың шығармашылық белсенділігін және өз  бетінше әрекет етуін іске асыру;

2) білім алушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, оның  ішінде білім беру, әлеуметтік-тұрмыстық және олардың мүдделерін  қозғайтын өзге де мәселелерді шешуге көмек көрсету;

3) білім беру ұйымының басшылығына білім беру және ғылыми  міндеттерді шешуде, білім алушылардың бос уақыты мен тұрмысын ұйымдастыруда, салауатты өмір салтын насихаттауда көмек көрсету;

4) білім беру ұйымдарына білім беру және тәрбие процесі  шеңберінде өткізілетін іс-шараларға көмек көрсету;

5) білім беру ұйымының рухы мен дәстүрлеріне патриоттық қатынас  жасауға, білім алушылардың санасын және олардың өз білім деңгейіне  талап етуін арттыруға, мүлікке ұқыпты қарауға тәрбиелеуге бағытталған  жұмыстар жүргізу;

6) білім алушыларды білім беру ұйымының қызметі туралы хабардар ету;

7) Қазақстандық қоғамды дамытудың нақты күші және стратегиялық  ресурсы ретінде балалар мен жастар туралы қоғамдық пікір қалыптастыруға қатысу;

8) балалар мен жастардың қоғамдық маңызы бар бастамаларын іске  асыруға көмек көрсету;

9) білім беру ұйымдарында Парламент қызметі өңір мен білім беру  ұйымының ерекшелігін ескере отырып айқындалатын басқа да  міндеттерді шешуге бағытталған.

Исмағулов Н ПРЕЗИДЕНТ.jpg
Вице президент Айгул (1).jpg
Алпамышова Н хатшысы.jpg

"Парасат" дебат клубы

Клуб төрайымы: Курамисова Айгул
Мүшелері: Алпамышова Несібелі
Исмағұлов Нұрлыбек
Избасқанов Алтынбек
Жайлыбай Жұмабек
Төрешова Құлынтай

Болатбаев Атагелді

Дарябаева Ардак

 

Клуб жыл сайын аудандық, облыстық, республикалық сайыстарда фракция атын танытуда

  • Facebook
  • Twitter
  • LinkedIn
  • Instagram
Микрофоны

ИСМАҒҰЛОВ НҰРЛЫБЕК

"Парасат" дебат клубының белсенді мүшесі;

"Алашорда" студенттік парламентінің президенті

"Шамшырақ" еріктілер клубы

Басты мақсаты – қоршаған ортаға қамқорлық көрсету, мұқтаждарға көмек беріп, ізгілік жолында жастардың өз ізін қалдыруы.Сонымен қатар,  жастардың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді дарыту.

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің»

Стопка книг

ҮЗДІК СТУДЕНТТЕР - 
КОЛЛЕДЖ МАҚТАНЫШТАРЫ

ТАЛҒАТҰЛЫ САЯТБЕК
«Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы «Дене тәрбиесі мұғалімі» біліктілігі
3-курс студенті

Alexa Young, CA

ТӨРЕШОВА ҚҰЛЫНТАЙ
"Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі" мамандығы “Шетел тілі мұғалімі” біліктілігі
2-курс студенті

Morgan James, NY

ЖУМАШЕВА ЕКАТЕРИНА
“Негізгі орта білім беру” мамандығы
“Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі” біліктілігі
3-курс студенті

Lisa Driver, MI

БАҚЫТОВА АҚГҮЛ
"Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі" мамандығы “Шетел тілі мұғалімі” біліктілігі
3-курс студенті

Біздің түлектер

169abae1-b8ab-4888-9b85-13e4ee6c6045.jpg
Педагогика ғылымдарының магистрі, жаратылыстану-математика мұғалімдерінің аудандық олимпиадасында Бас жүлдемен марапатталып, облыстық кезеңге жолдама алды. "Бейнеу аудандық білім бөлімі" ММ-нен Алғыс. Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының ұйымдастыруымен білім саласы қызметкерлеріне арналған "Жыл үздігі-2019" атты Республикалық байқауына қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды. Халықаралық ғылым мен білім қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткен білім саласы қызметкерлеріне арналған "Мұғалім еңбегі-рухани жаңғыру негізі" ІІІ Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып дипломмен марапатталды. Республикалық "Математикалық регата" командалық олимпиадасының аудандық кезеңінде жүлделі орынмен марапатталды.  Ғылым мен білім саласының дамуына елеулі үлес қосқаны үшін "Мәртебелі маман" медалімен марапатталды.

"Математика пәні мұғалімі" біліктілігінің 2011 жылғы түлегі - 
Айтымбетова Манчук Сапарбайкызы

"Математика пәні мұғалімі" біліктілігінің 2013 жылғы түлегі - Суймухамедов Тойгалы Нурадинович

20250300-6742-4883-8b7a-49972c7144a5.jpg
Облыстық жаратылыстану-математика пәні мұғалімдерінің олимпиадасында математика пәні бойынша ІІІ орын иегері Ақтау қаласы; Республикалық математика пәні мұғалімдерінің «Математикалық регата» олимпиадасының облыстық кезеңінде аудан команда құрамында ІІ орын Ақтау қаласы; Математика, физика және информатика пән мұғалімдеріне арналған VІІІ Халықаралық шығармашылық байқауында ІІІ орын Алматы қаласы; Оқушысы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінен ІІІ орын Ақтау қаласы; ХV Халықаралық «Математика и проектирование» ғылыми жобалар конкурсына қатысушы Мәскеу қаласы; 2-7 сынып оқушыларына арналған «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңінде ІІІ орын. Ақтау қаласы; Жаңа Қазақстан: жас педагогтердің рөлі» І Халықаралық жас педагогтер форумы жұмысына қатысқаны үшін сертификат. Петропавл қаласы.
Облыстық оқу-әдістемелік орталығының Математика пәні мұғалімдерінің кәсіби өсуіне қосқан үлесі үшін алғысы. Ақтау қаласы.

"Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту" біліктілігінің 2014 жылғы түлегі -
Назарбаева Акмоншак Жарилгаповна

73da3ca8-bb43-4269-b2cc-6eef7fdb7d03.jpg
“Бөбек бөбекжайы” жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны тәрбиешісі Назарбаева Акмоншак Жарилгаповна  
Білімі: жоғары; санаты: педагог-сарапшы. 
Акмоншак - аудандық “Үздік педагог- 2020” сайысының Бас жүлде иегері. “Бейнеу аудандық білім бөлімі” және облыстық білім бөлімі ММ-нен Алғыс. Республикалық 30 жылдыққа 30 ойын атты мектепке дейінгі балаларға арналған фестивальде кәсіби шеберлігі үшін Грамотамен марапатталды.

"Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі" біліктілігінің 2022 жылғы түлегі -
Матенова Ақмарал

книги

"Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі" біліктілігінің 2022 жылғы түлегі -
Исаханова Жанар

"Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі" біліктілігінің 2014 жылғы түлегі -
Базарова Раушан

Біздің мекен-жайымыз:

bottom of page